
Ыстық ауа райы – денсаулыққа қауіп факторы
Қоршаған орта температурасының жоғарылауы кезеңінде ағзаның қызып кетуі мен сусыздануына байланысты қолайсыз жағдайлардың даму қаупі артады. Жоғары температураның әсері әсіресе балалар, егде жастағы адамдар, жүкті әйелдер, сондай-ақ жүрек-қантамыр, эндокриндік және тыныс алу жүйелерінің созылмалы аурулары бар пациенттер үшін қауіпті.
Ыстық жағдайда ұзақ уақыт болу жалпы жағдайдың нашарлауына, жылулық әлсіреуге, күн өтуге және жылу соғуға, сондай-ақ бар созылмалы аурулардың асқынуына әкелуі мүмкін.
Алдын алу шараларының негізгі бағыттары
Денсаулықты сақтау мақсатында төмендегілер ұсынылады:
-жеткілікті мөлшерде таза ауыз су тұтыну арқылы су ішу режимін сақтау;
-күн сәулесінің белсенділігі ең жоғары болатын уақытта (сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін) ашық күн астында болуды шектеу;
-табиғи маталардан тігілген жеңіл киімдер мен бас киімдерді пайдалану;
-бөлмелерді желдету және ауаны салқындату құралдарын қолдану арқылы жайлы температуралық жағдайды қамтамасыз ету;
-тәуліктің ыстық уақытында шамадан тыс дене жүктемелерінен аулақ болу;
-тамақтану рационына көкөністерді, жемістерді және жеңіл қорытылатын тағамдарды көбірек енгізу.
Ағзаның қызып кету белгілері
Төмендегі белгілерге дер кезінде назар аудару қажет:
-әлсіздік және тез шаршағыштық;
-бас ауруы және бас айналу;
-ауыздың құрғауы, қатты шөлдеу;
-жүрек айну;
-жүрек соғуының жиілеуі;
-дене температурасының жоғарылауы;
-тері жабындарының қызаруы.
Аталған белгілер пайда болған жағдайда дене белсенділігін дереу тоқтатып, салқын жерге бару және жеткілікті мөлшерде сұйықтық ішу қажет. Жағдай нашарлаған жағдайда медициналық көмекке жүгіну керек.
Созылмалы аурулары бар пациенттерге арналған ұсынымдар
Созылмалы аурулар бойынша диспансерлік бақылауда тұрған пациенттер дәрігердің тағайындауларын қатаң сақтауы, артериялық қысым мен қандағы глюкоза деңгейін бақылауы, сондай-ақ дәрілік препараттарды қабылдау тәртібін өз бетінше өзгертпеуі немесе тоқтатпауы қажет.
Ыстық ауа райы кезеңінде қарапайым алдын алу шараларын сақтау денсаулыққа кері әсер ететін салдардың қаупін төмендетуге және жақсы көңіл-күй мен қалыпты жағдайды сақтауға мүмкіндік береді.
Өз денсаулығыңызды және жақындарыңыздың денсаулығын сақтаңыз!
ЕАЭО - дан (Армения, Ресей, Беларусь, Қырғызстан), шетелдіктерге, еңбек мигранттарына арналған медициналық көмектің көлемімен пайдалана алады.
