
Онкологиялық аурулардың алдын алу
№5 емханада онкологиялық аурулардың алдын алу және оларды ерте анықтау мәселелеріне арналған пациенттерге арналған дөңгелек үстел өтті. Кездесуді дәрігер-онколог Аманғалиева А.А. өткізді.
Іс-шара барысында қатысушылар профилактикалық тексерулерден тұрақты түрде өтудің, қажетті диагностикалық зерттеулерді уақытылы жүргізудің және өзін-өзі тексеру әдістерін білудің маңыздылығын талқылады.
Аманғалиева А.А. онкологиялық аурулардың негізгі қауіп факторлары, заманауи диагностикалау әдістері туралы айтып, маманға дер кезінде жүгінудің денсаулық пен өмірді сақтаудағы маңызды рөлін атап өтті.
Кездесу барысында салауатты өмір салтына да ерекше көңіл бөлінді. Дұрыс әрі теңгерімді тамақтану, тұрақты дене белсенділігі және зиянды әдеттерден бас тартудың маңыздылығы түсіндірілді.
Іс-шара соңында қатысушыларға онкологиялық аурулардың алдын алу бойынша ақпараттық жадынамалар мен практикалық ұсынымдар таратылды.
Денсаулық - өзіңе деген қамқорлықтан басталады! Профилактикалық тексерулерден уақытылы өту және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау - ұзақ әрі салауатты өмір сүрудің маңызды қадамы.
ЕАЭО - дан (Армения, Ресей, Беларусь, Қырғызстан), шетелдіктерге, еңбек мигранттарына арналған медициналық көмектің көлемімен пайдалана алады.
