
Жатыр мойны обырының алдын алу – әйелдер денсаулығына қамқорлық
Емханада акт залында дәрігерлерге арналған «Адам папилломавирусы (АПВ) және жатыр мойны обырының алдын алу» тақырыбында өзекті семинар өтті.
Дәрігер-гинеколог Абдикаримова Аягөз Оралбайқызы адам папилломавирусы, қауіп факторлары, жатыр мойны ауруларының алдын алу және ерте анықтау әдістері туралы презентация ұсынды.
Семинар барысында тұрақты профилактикалық тексерулердің, уақтылы диагностиканың және әйелдерге АПВ-мен байланысты аурулардың алдын алудың заманауи мүмкіндіктері туралы ақпарат берудің маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Уақтылы профилактика – әйелдер денсаулығын сақтаудың маңызды қадамы!
Қызметкерлер үшін МӘМС-ға аударымдар мен жарналар
Қызметкерлер үшін МӘМС-ға аударымдар мен жарналар
