Наурыз мейрамы – көктем мен молшылықтың мерекесі.
Бүгін, 2024 жылдың 20 наурызында емхананың мерекелік безендірілген мәжіліс залында Наурыз мейрамын тойлауға арналған салтанатты шара өтті. Жылы лебізбен, ізгі тілекпен №5 емхананың басшысы А.Н.Жапарбеков қызметкерлерді құттықтап, ұжымның үздік қызметкерлеріне құрмет грамоталары мен гүл шоқтарын табыс етті.
Алдын алу бөлімі түрлі байқаулар, сыйлықтар мен тәттілермен мерекелік іс-шараны дайындап, өткізді.
Емхана бөлімшелерінің қызметкерлері арасында ең әдемі би және ұлттық киім байқауы өтті. Қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша Гран-при №5 емхананың балалар бөліміне, ал байқаудың басқа бөлімшелері бірінші орынға лайық деп танылды.
Наурыз – жер бетіндегі барлық адамдардың бірлігі мен табиғаттың, келісімнің, нұр мен ізгіліктің жаңару мерекесі! Бұл мереке әрбір үйге береке мен бақыт әкелсін!