17 мамыр-Дүниежүзілік Артериялық гипертониямен күрес күні
Жыл сайын 17 мамырда Дүниежүзілік гипертензияға қарсы Лига мен халықаралық гипертония қоғамының бастамасымен Дүниежүзілік Артериялық гипертониямен күрес күні ресми түрде атап өтіледі. 2024 жылы Дүниежүзілік артериялық гипертензиямен күресу күні " Қан қысымыңызды дәл өлшеңіз. Оны басқарыңыз. Ұзақ өмір сүріңіз".
Күннің негізгі мақсаты-жүрек-қан тамырлары жүйесінің ең көп таралған ауруларының бірі туралы жалпы халықтың хабардарлығын арттыруға ықпал ету, қан қысымының көрсеткіштерін үнемі өлшеу және білу, сондай-ақ дұрыс тамақтану, белсенді өмір салтын ұстану және жаман әдеттерден бас тарту қажеттілігін еске түсіру.