Медицина қызметкері күні құтты болсын!
Жыл сайын маусымның әр үшінші жексенбісінде Қазақстанда медицина қызметкерлерінің күні атап өтіледі.
Дүние жүзінде адам өміріндегі маңыздылығы дәрігер, медбике, сондай-ақ барлық медициналық қызметкерлерден гөрі үлкен рөл атқаратын мамандық жоқ.
14 маусымда медицина қызметкері Күнін мерекелеу аясында №5 емхананың конференц залында салтанатты іс-шара өтті.
№5 емхана басшысының орынбасары О. В. Валова ұжымды кәсіби мерекелерімен құттықтады. Жоғары кәсіби шеберлігі үшін, халықтың денсаулығын қорғауға қосқан жеке үлесі және адал еңбегі үшін өз мамандығының үздіктері мақтау қағаздарымен, алғыс хаттармен, гүлдермен және кәсіподақ комитетінің сыйлықтарымен марапатталды.
Іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.