Репродуктивті денсаулық апталығы
2024 жылғы 24 маусым мен 28 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мұрындық болуымен ұйымдастырылған Репродуктивті денсаулық апталығы өтуде.
Шараның мақсаты – халықтың репродуктивті денсаулықтың маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау.
24 маусымда №5 емханадағы іс-шаралар аясында босанғанға дейінгі емханада Ашық есік күні өтті. Келушілер үшін салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінде гинеколог дәрігерлер репродуктивті денсаулық, қалаусыз жүктілік пен жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу әдістері, АИТВ-инфекциясының алдын алу, сонымен қатар жатыр мойны обырын тудыратын адам папилломавирусының алдын алу тақырыптарында дәрістер оқыды. Ақпараттық және оқу материалдары таратылды.