Меню KDT

Жаңалықтар

poster

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

МӘМС және ТМККК аясында тегін дәрі-дәрмектерді кім ала алады? Амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді кім және қалай алады?

Тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету ТМККК және МӘМС-те қарастырылған. Дәрiлiк көмек пациент медициналық көмек алған сәттен бастап көрсетiлуi тиiс.

Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету диспансерлік есепте тұрған, жекелеген анықталған аурулары мен жағдайлары бар пациенттермен қамтамасыз етіледі. Мысалы, темір тапшылығы анемиясы бар фертильді жастағы әйелдер темір препараттарын ала алады, «Атеросклероз» ауруы бар және диспансерлік есепте тұрған пациенттер өз аурулары бойынша антикоагулянттар мен басқа да препараттарды алады.

Сондай-ақ, диспансерлік есепте тұрған жекелеген жағдайлары бар пациенттер, мысалы, психикалық және мінез-құлықтық бұзылулары бар пациенттер, ағзалар мен тіндерді ауыстырғаннан кейінгі пациенттер де тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі.

Тегін дәрі-дәрмек алу үшін учаскелік дәрігерге жүгіну керек. Тегін алуға болатын дәрі-дәрмектердің тізбесі ҚР ДСӘДМ № 75 бұйрығымен бекітілген *