Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ немесе анықтама беру ережесі
16 шілдеде дәрігерлер мен медбикелерге арналған акт залында семинар өтті. Жалпы практика дәрігері Ш.Б. Ахмедов Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығын оқыды. "Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ немесе анықтама беру қағидаларын бекіту туралы"Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 20 қарашада № 21660 болып тіркелді. ДКК дәрігері Омарова С. К. еңбекке жарамсыздық парағын толтыру, беру және ұзарту, ережелерді бұзу және құжатты ресімдеу кезінде қателер мен түзетулерді болдырмау туралы ақпаратты толықтырды.