Меню KDT

Жаңалықтар

poster

Халықаралық АПВ туралы хабардар болу күні

   4 наурызда халықаралық папилломавирус қоғамының бастамасымен Дүниежүзілік адам папилломавирусымен (АПВ) күресу күні атап өтіледі.

   Бұл адам папилломавирусы (АПВ) туралы ақпараттарды  арттыруға бағытталған маңызды оқиға.

  Адам папилломавирусы (АПВ) жыныстық жолмен берілетін ең көп таралған вирустардың бірі ретінде белгілі. Бұл вирусты жұқтырған көптеген адамдар жұқтыру фактісін білмейді, өйткені клиникалық белгілер бәрінен көрінбейді.

 Адам папилломавирусының 100-ден астам түрі бар, олардың 40-тан астам түрі жыныстық қатынас арқылы таралуы мүмкін. Олардың ішіндегі ең қауіптісі, мысалы, 16 және 18 типті АПВ қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін.

АПВ вакцинациясы вирустың алдын алудың ең тиімді әдісі болып табылады. Вакцина қатерлі ісіктің дамуына әкелуі мүмкін вирустың ең қауіпті түрлерінің алдын алады.



Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесі