Меню KDT

Жаңалықтар

poster

7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күні!

7 сәуірде Қазақстанда Дүниежүзілік денсаулық күні аталып өтіледі. Биыл ол "салауатты өмірдің басталуы - берекелі болашақтың кепілі"ұранымен өтеді

Бұл күні бүкіл әлемде салауатты өмір салтын насихаттауға, аурулардың алдын алуға және қолжетімді медициналық көмекті қамтамасыз етуге бағытталған акциялар мен іс-шаралар өтуде.

Салауатты өмір салты-денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған адамның өмір салты:

  • дұрыс тамақтану
  • дене белсенділігі
  • темекіден және алкогольді асыра пайдаланудан бас тарту
  • стресске төзімділікті дамыту / психикалық денсаулық
  • салауатты ұйқы
  • қарым-қатынас дағдылары

Денсаулық-адамның негізгі ресурсы. Ғасырлар бойы адамдар оны сақтаудың жолдарын іздеді. Медицинадағы прогресстің арқасында біз бүгін ұзақ өмір сүріп жатырмыз және бұрын өлімге әкелетін көптеген аурулар сәтті емделуде.

Денсаулық-әр адам үшін басты құндылық!



Сақтандырылған азаматтар
МӘМС  бойынша ЭКО- ға сене ала ма