24 сәуір-Дүниежүзілік иммундау күні
24 сәуір-Дүниежүзілік иммундау күні, ол 2025 жылдың 21-27 сәуір аралығында өткізілетін Еуропалық иммундау апталығымен сәйкес келеді. Осы аптаның мақсаты-әр адам үшін ұзақ және салауатты өмір сүруге ықпал ететін вакциналарға тең және кең қол жетімділіктің маңыздылығын атап өту.
Қазақстанда вакцинация тегін және барлық азаматтар үшін қолжетімді. Ұлттық вакцинация күнтізбесі дифтерия, көкжөтел, сіреспе, қызылша, қызамық, паротит, гемофильді және пневмококк инфекциясы, полиомиелит, "В" вирустық гепатиті, туберкулез сияқты 11 инфекциядан қорғайтын 9 жоспарлы вакцинацияны қамтиды.
Дүниежүзілік иммундау апталығы аясында вакцинацияның маңыздылығы туралы халықтың хабардарлығын арттыруға бағытталған түрлі іс-шаралар өткізілуде.
Вакцинация-жұқпалы аурулардан қорғаудың қолжетімді, тиімді және үнемді тәсілі.
Қорына жарналарды төлеуден кім босатылады және мемлекет кімге аударым жасайды