Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс
29 сәуірде акт залында №5 емхананың медицина қызметкерлері үшін ұйымдастырылған заңгер Д.Т. Аухадиевпен кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру саласындағы қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру болды.
Күн тәртібінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс тақырыптары талқыланды:
1.Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде
2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды іске асыру
3.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау
Д. Т. Аухадиев қолданыстағы нормативтік актілерді, оның ішінде еңбек шарттарында белгіленген қызметкерлердің міндеттемелерін, "Сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік" мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын еске салды. Қызметкерлер кәсіби қызметте кездесетін практикалық жағдайларға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларды сақтамаудың ықтимал заңды салдарына ерекше назар аударылды.
МӘМС жарналары қалай және қайда жасалады