Республикалық репродуктивті денсаулық апталығы
2025 жылғы 12-16 мамыр аралығында Қазақстанда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастамасымен республикалық репродуктивті денсаулық апталығы өтуде. Іс-шараның мақсаты-халықтың, әсіресе жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулық туралы хабардарлығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және отбасы институтын нығайту
Репродуктивті денсаулық апталығы аясында орта білім беру мектептерінде №5 емхананың гинеколог-дәрігерлерінің қатысуымен ақпараттық-ағарту іс-шаралары өткізілді. Жасөспірімдерде репродуктивті денсаулық, отбасын жоспарлау, сондай-ақ ЖЖБИ мен қалаусыз жүктіліктің алдын алу саласындағы білімді қалыптастыруға бағытталған дәрістер, интерактивті сабақтар және ашық талқылаулар өткізілді. Дәрігерлер жасөспірімдерге жасөспірім кезіндегі физиологиялық және психоэмоционалды дамудың негізгі аспектілерін қол жетімді түрде түсіндірді, қауіпсіз мінез-құлық принциптері, профилактикалық тексерулердің маңыздылығы және өз денсаулығына қамқорлық туралы айтты.
Дербес төлеушілер үшін МӘМС жарналары