Серозды менингит: алдын алу шаралары
Серозды менингит — бұл көбіне вирустар тудыратын ми қабықтарының қабынуы.
Негізгі белгілері:
- Қатты, қысатын бас ауруы
- Дене қызуы (38–39°C-қа дейін)
- Жүрек айну және құсу
- Жарыққа сезімталдық (жарық көзді ауыртады)
- Мойынның қатаюы (басты алға еңкейту қиын)
- Балаларда фонтан тәрізді құсу, тырысу, ұйқышылдық немесе мазасыздық болуы мүмкін
Алдын алу шаралары:
Серозды менингитпен жұқтыру қаупін азайту үшін келесі санитарлық ережелерді сақтау ұсынылады:
- Қолды сабындап мұқият жуу: көшеден кейін, дәретханадан соң, тамақ ішер алдында және баланың жаялығын ауыстырғаннан кейін
- Көкөніс пен жемістерді ағынды таза сумен жуу, мүмкін болса — қайнаған сумен шаю
- Тек бөтелкедегі немесе қайнатылған суды ішу
- Инфекция белгілері бар адамдармен (бөртпе, қызу, жөтел, асқазан-ішек бұзылыстары және т.б.) қарым-қатынастан аулақ болу
- Тұрақты түрде залалсыздандырылатын және суы бақылауда болатын бассейндерде ғана шомылу
- Арнайы жабдықталған жағажайлар мен рұқсат етілген суға түсу орындарын таңдау
- Балалардың шомылу кезінде су жұтып қоймауын қадағалау
- Асты шыбындар мен басқа да жәндіктерден қорғау
Сақтандырылған азаматтар МӘМС бойынша ЭКО- ға сене ала ма