Меню KDT

Жаңалықтар

poster

"Артур" СҮ МӘМС бойынша Акция-қала тұрғындарының денсаулығына қамқорлық жасау

19 шілдеде "Артур" сауда үйінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) мәселелері бойынша халықтың хабардарлығын арттыруға бағытталған "МӘМС-Денсаулық бақылауда" ақпараттық – профилактикалық акциясы өтті.

     №5 емхана қызметкерлері МӘМС жүйесі шеңберінде медициналық көмек көрсету сапасы туралы айтып, қала тұрғындарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

      Барлық ниет білдірушілер қан қысымын, қандағы глюкоза мен холестеринді өлшей алады. Ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.

Келушілерге сақтандырылушылардың құқықтары, МӘМС жүйесінде қолжетімді қызметтер тізбесі, сондай-ақ медициналық көмекке жүгіну мүмкіндіктері туралы пайдалы ақпарат берілді.

    Іс-шара ашық және мейірімділікпен өтті. Міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің мүмкіндіктері туралы халықтың хабардарлығын арттырудағы маңызды қадам болды.




Әлеуметтік маңызы бар аурулар санатына не кіреді және олар қалай қаржыландырылады



АДҚЕ  АЖ азаматтарының жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, мамандандырылған емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды беру.