Дүниежүзілік гепатитке қарсы күрес күні
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бастамасымен жыл сайын 28 шілдеде аталып өтетін Дүниежүзілік гепатитке қарсы күрес күні вирустық гепатит туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған. Бұл – бауырдың қабынуына әкелетін, бауырдың ауыр зақымдануы мен гепатоцеллюлярлық карциномаға (бауыр ісігіне) себеп болатын қауіпті ауру.
2025 жылғы ұраны: «Гепатитпен күрес: кедергілерді жоямыз». Бұл науқан гепатитті жою мен бауыр обырының тиімді алдын алуға кедергі келтіретін қаржылық, әлеуметтік және жүйелік тосқауылдарды (соның ішінде стигманы) жоюға бағытталған.
Биылғы кампанияның негізгі мақсаттары:
- бауырға зиянды әсерлерді азайту бойынша шаралар қабылдау;
- екпелерді қауіпсіз жүргізу;
- халықты В гепатитіне қарсы вакцинациялау;
- гепатитті уақтылы анықтап, емдеу.
Вирустық гепатиттер бауыр обырының басты себептерінің бірі болып табылады және жылдан жылға өлім-жітім көрсеткішін арттыруда. Жыл сайын бұл ауру жүздеген мың адамның өмірін алып кетеді, көбіне — бауырдың обыры мен циррозы салдарынан.
Гепатитсіз болашақ – кедергілерді жоятын уақыт келді!
Қызметкерлер үшін МӘМС-ға аударымдар мен жарналар