Меню KDT

Жаңалықтар

poster

ҚАУІПСІЗ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСҚА АРНАЛҒАН ҰСЫНЫСТАР

Күн шуақты әрі жылы ауа райы – жағымды эмоциялар ғана емес, сондай-ақ қызып кету, сусыздану, тамақтан улану, судағы жарақаттар мен жәндіктер шағуы сияқты қауіптер де болуы мүмкін.


Жазда қандай сақтық шаралары ерекше маңызды?

Жылу мен сусызданудан қорғаныңыз
-Күннің ең ыстық уақыты (сағат 11:00 мен 16:00) аралығында далада ұзақ болудан аулақ болыңыз.

-Ашық түсті, жеңіл киім киіп, бас киімды ұмытпаңыз. Су ішуді шөлдеуді күтпей бастаңыз.

-Алкоголь мен тәтті газдалған сусындар дегидратацияны күшейтеді -олардан аулақ болыңыз.


Күннен қорғану


-Жоғары SPF деңгейі бар күннен қорғайтын кремдерді қолданыңыз, әсіресе жағажайда немесе таулы аймақта болғанда.

-Күннен қорғайтын көзілдірік пен бас киім киіңіз.

-Күннен күйіп қалу- тек терінің зақымдануы ғана емес, болашақта тері обырының қаупін арттыратын фактор екенін есте сақтаңыз.


Суда қауіпсіздік шараларын сақтаңыз


-Тек арнайы рұқсат етілген орындарда шомылыңыз.

-Балаларды су жағасында қараусыз қалдырмаңыз.

-Су мен алкогольді бірге қолдану - аса қауіпті. Тіпті тәжірибелі жүзушілер де қиын жағдайға тап болуы мүмкін.


Тамақтану мен гигиена ережелерін сақтаңыз


-Жазда тамақ тез бұзылады. Жаз мезгілінде тек жаңа дайындалған тағамдарды тұтынып, оларды дұрыс жағдайда сақтау аса маңызды.

-Күмәнді жерлерде көшеде тамақтанудан аулақ болыңыз. Жолда немесе табиғатта жүргенде, тамақ ішер алдында міндетті түрде қолыңызды жуыңыз.

 

Жәндіктердің шағуынан сақтаныңыз


-Кенелер мен масалар көп болатын аумақтарда репелленттер қолданыңыз. -Табиғатқа шыққанда жабық киім киіп, серуеннен кейін денеңізді мұқият қарап шығыңыз.
Белсенді демалыс пен жазғы күндер пайдалы әрі қауіпсіз болуы үшін қарапайым ережелерді есте ұстаңыз.

Күн, ауа, су - сізге тек пайда әкеледі, егер сіз оларға ақылмен қарасаңыз.

Өзіңізді қорғаңыз, денсаулығыңызды сақтаңыз және демалысты шынымен де пайдалы өткізіңіз!


Қ
орына жарналарды төлеуден кім босатылады және мемлекет кімге аударым жасайды