Меню KDT

Жаңалықтар

poster

МӘМС бойынша түсіндіру жұмысы

2025 жылғы 5 тамызда №5 емхананың акт залында басшының м.а. орынбасары Валовa О.В. дәрігерлерге Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) туралы» Заңына енгізілген өзгерістер бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді.

2025 жылғы 14 шілдедегі №206-VIII Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап МӘМС жүйесіне келесі негізгі өзгерістер енгізіледі:

  1. Медициналық көмектің бірыңғай пакеті:
    Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (ТМККК) және МӘМС арқылы қаржыландырылатын қызметтерді қамтитын бірыңғай медициналық қызметтер пакеті енгізіледі. Бұл барлық азаматтар үшін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған.
  2. Жарналарды есептеу үшін жоғарғы шектің ұлғаюы:
    Жарналар мен аударымдарды есептеу үшін жаңа шектер белгіленеді: жұмыс берушілер үшін ең төменгі жалақының (ЕТЖ) 40 еселенген мөлшері, қызметкерлер үшін – 20 еселенген мөлшері. Бұл МӘМС жүйесіне қаржы түсімдерін арттырып, оның тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
  3. Тұрақты төлеушілерге жеңілдікті кезеңнің ұзартылуы:
    Бес жыл бойы тұрақты түрде жарна төлеген азаматтар төлемдер уақытша тоқтатылған жағдайда сақтандырылған мәртебесін алты айға дейін сақтай алады (бұрын бұл мерзім үш ай болған).
  4. Жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін арттыру:
    Ресми тіркелген жұмыссыздар үшін жарналар жергілікті бюджеттерден төленетін болады. Бұл әкімдіктерді жаңа жұмыс орындарын ашуға және жұмыссыздық деңгейін төмендетуге ынталандырады.
  5. Мемлекет жарналарының мөлшерлемесін кезең-кезеңімен арттыру:
    2026 жылдан бастап мемлекет тарапынан МӘМС жүйесіне төленетін жарналар мөлшерлемесін кезең-кезеңімен 2037 жылға дейін 2%-дан 4,7%-ға дейін арттыру жоспарланып отыр. Бұл денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығын күшейтуге бағытталған.

Бұл өзгерістер МӘМС жүйесінің қаржылық тұрақтылығын жақсартуға, медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған.




Сақтандырылған азаматтар
МӘМС  бойынша ЭКО- ға сене ала ма




 Дамумед АЖ алдын ала міндетті медициналық тексеруден өтуі.