Меню KDT

Жаңалықтар

poster

Сақ болыңыз!

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі алаяқтық әрекеттер туралы ескертеді.

Алаяқтар азаматтарға медициналық ұйымдардың атынан қоңырау шалып, скринингке жазылуды растауды сұрап, СМС-кодты айтуыңызды талап етеді.

СМС-кодтарды ешқашан ешкімге айтпаңыз!
Мұндай кодтарды беру арқылы жеке деректеріңізге, банк шоттарыңызға немесе мемлекеттік жүйелердегі аккаунттарыңызға қол жеткізуге жол ашылады.

 Есіңізде болсын:
-Мемлекеттік медициналық ұйымдар жазбаны растау үшін СМС-код сұрамайды.
-Сенімді ақпаратты тек мына жерлерден тексеріңіз:
-eGov.kz порталы
-Өз емханаңыз
-Медициналық ақпараттық жүйелер (МАЖ)

 Егер сіз алаяқтық әрекеттерге күмәндансаңыз -102 нөмірі бойынша дереу полицияға хабарласыңыз.

 Жеке деректеріңізді қорғаңыз. Алаяқтарға алданбаңыз!




Әлеуметтік маңызы бар аурулар санатына не кіреді және олар қалай қаржыландырылады