Меню KDT

Жаңалықтар

poster

Тегін скрининг: тәуекел тобындасыз ба, біліп алыңыз!

Егер сіз жас мөлшеріне сай болсаңыз, тегін профилактикалық тексеруден өтуге құқыңыз бар. Скрининг мемлекеттік бағдарлама аясында, 2025 жылғы 29 шілдедегі №71 бұйрысына сәйкес жүргізіледі.

Жас топтары бойынша скрининг:

🔹 30-74 жас аралығындағы әйелдер
4 жылда бір рет жатыр мойны обырына скрининг жүргізіледі.
Егер сізге 30, 34, 38 жастан бастап кезекпен жетсеңіз – сіз мақсатты топқа жатасыз.

🔹 40-76 жас аралығындағы әйелдер
2 жылда бір рет сүт безі обырын ерте анықтау үшін маммография жасалады.
Егер сізге 40, 42, 44 жаста болсаңыз - тегін тексеруден өте аласыз.

🔹 40-76 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер
2 жылда бір рет кешенді тексеру жүргізіледі:
• Қан қысымының жоғарылауы (артериалдық гипертония),
• Қант диабеті,
• Жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА),
• Глаукома,
• Тамақтану, темекі шегу және артық салмақ сияқты тәуекел факторлары бағаланады.

🔹 50-76 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер
2 жылда бір рет үлкен ішек обырына (колоректалды рак) скрининг жүргізіледі. Қанда жасырын қан тесті жасалады.

🔹 50-76 жас аралығындағы ерлер
Қосымша мидың қан айналымының бұзылуын алдын алу үшін скрининг жүргізіледі.

🔹 Декреттелген топтар (жүкті әйелдер, медицина қызметкерлері, донорлар, гепатитпен байланыста болғандар және т.б.) В гепатиті мен С гепатитіне, сондай-ақ ЖИТС пен туберкулезге тексеруден өту -көрсеткіштер бойынша, 6 айда бір реттен аспайтын жиілікте.

Қайда өтуге болады?

Скрининг тегін және тіркелген емханаңызда өткізіледі.
Тексеруден өту үшін жолдама қажет емес - жеке куәлікпен барыңыз жеткілікті.

Кешіктірмеңіз - денсаулық маңызды!

Ауруларды ерте анықтау өміріңізді сақтап қалуы мүмкін. Егер жас мөлшеріңіз сәйкес келсе - міндетті түрде тексеруден өтіңіз. Бұл оңай, тегін және көп уақыт алмайды.