Меню KDT

Жаңалықтар

poster

Атеросклероздың алдын алу – жүрек пен қан тамырларының саулығының кепілі!

Атеросклероз – қан тамырлары жүйесінің ең кең таралған созылмалы ауруларының бірі. Бұл дерт кезінде тамырлардың ішкі қабырғаларында холестериндік бляшкалар түзіліп, қан айналымы бұзылады. Ауру асқынған жағдайда миокард инфарктісі, инсульт, жүректің ишемиялық аурулары сияқты ауыр салдарға әкелуі мүмкін.
Атеросклероз дамуының қауіп факторлары:
-Жыныс – Ер адамдар атеросклерозға әйелдерге қарағанда жиі шалдығады.
-Зиянды әдеттер – Никотин мен алкоголь қан тамырларын жиырып-кеңейтіп, олардың зақымдануына және аурудың тез дамуына себеп болады.
-Жас ерекшелігі – Жас ұлғайған сайын атеросклероздың белгілері күшейе түседі.
-Тамақтану – Фастфуд, жоғары калориялы тағамдар, тамақтану режимінің бұзылуы – артық салмақ пен қозғалыс аздығына әкеліп соғады, бұл өз кезегінде атеросклероз қаупін арттырады.
-Тұқымқуалаушылық – Қан плазмасындағы липидтер деңгейінің тұқым қуалаушылықпен бұзылуы, иммундық жүйенің белсенділігі, гормондық фонның деңгейі – атеросклероздың даму жылдамдығына әсер ететін маңызды факторлар.
Атеросклероздың алдын алу шаралары:
 1-қадам. Тағам үлгісін өзгертіңіз:
Жануар майларын, көмірсуларды, фастфуд пен ұзақ сақталатын жартылай дайын өнімдерді азайтыңыз. Көкөністер, қантсыз жемістер, майсыз ет, теңіз балығы, құс еті, дәнді дақылдар тұтынуды көбейтіңіз. Рационыңызға зығыр майын (күніне 2 ас қасық) және талшықты (тәулігіне 30 г дейін) қосыңыз. Қайнатылған, буға пісірілген, бұқтырылған немесе пеште дайындалған тағамдарға басымдық беріңіз.
 2-қадам. Физикалық белсенділікті арттырыңыз:
Жаяу жүру, серуендеу, жүзу сияқты қолжетімді және қауіпсіз жаттығулардан бастаңыз. Аптасына 3–4 рет, әр жаттығу 30–40 минуттан, рахатпен орындалуы тиіс.
3-қадам. Шылым шегуден және алкогольді асыра пайдаланудан бас тартыңыз:
Бұл – маңызды шешім. Оны қабылдап, дәйекті болыңыз.
4-қадам. Стресс жағдайларынан аулақ болыңыз:
Келіспеушіліктерге жол бермеңіз, даулы немесе жанжал туындайтын жағдайлардан мүмкіндігінше бойыңызды аулақ ұстаңыз.
 5-қадам. Ұйқыға жеткілікті уақыт бөліңіз:
Түнгі ұйқының ұзақтығы 6–8 сағаттан кем болмауы қажет.
Қан қысымыңызды, холестерин мен қант деңгейін, тұз және қант тұтынуды, сондай-ақ дене салмағыңызды тұрақты бақылауда ұстаңыз.
Есіңізде болсын: атеросклероздың алдын алу – жүрек-қан тамырлары жүйесінің ауыр ауруларының жалғыз сенімді алдын алу жолы!




Сіздің жұмыс берушіңіз
МӘСҚ –на аударым төлейтінін қалай білуге болады