Меню KDT

Жаңалықтар

poster

Абай болыңыз: туляремия! Өзіңізді және жақындарыңызды қалай қорғауға болады

Күз маусымының басталуымен бірге туляремиямен жұқтыру қаупі артады. Бұл- табиғи-ошақты қауіпті инфекция, ол кенелердің шағуы, кеміргіштермен және жабайы жануарлармен байланыс, сондай-ақ ластанған су мен тағам өнімдерін қолдану арқылы жұғады.
Туляремия деген не?
Туляремия - Francisella tularensis бактериясымен қоздырылатын жедел жұқпалы ауру. Ауру жоғары температура, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, әлсіздік сияқты белгілермен басталады, ауыр жағдайларда өкпе мен ішкі ағзалар зақымдануы мүмкін.
Ауру қалай жұғады?
-Жұқтырған кененің немесе жәндіктің шағуы арқылы;
-Жабайы жануарлармен (әсіресе қояндармен, кеміргіштермен) байланыс кезінде;
-Ластанған суды немесе тамақты қолданғанда;
-Бактериялармен ластанған шаңды (мысалы, шөппен жұмыс істеу кезінде) тыныс алу арқылы.
Қалай сақтануға болады?
-Жабайы жануарлармен байланыстан аулақ болыңыз, олардың өлекселеріне тимеңіз;
-Табиғат аясында жүргенде қорғаныш киім киіп, репелленттерді пайдаланыңыз;
-Өз денеңізді және үй жануарларын кенелердің бар-жоғына тексеріңіз;
-Ашық су көздерінен алынған суды қайнатпай ішпеңіз;
-Аң етін бөлшектеу және үй маңындағы шаруашылық жұмыстарын жүргізу кезінде гигиена талаптарын сақтаңыз;
-Егер тұратын аумағыңызда ауру ошағы болса, медицина қызметкерлерінің кеңесімен вакцинациядан өтіңіз.
Есіңізде болсын: егер сізде дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, тамақтың немесе іштің ауыруы сияқты белгілер байқалса- дереу дәрігерге жүгініңіз. Ауруды ерте анықтап, уақытында емдеу асқынулардың алдын алады.

Өзіңізге және денсаулығыңызға мұқият болыңыз!




Артық немесе қате есептелген қаражатты/жарналарды/өсімпұлдарды
МӘМС арқылы қайтару қалай жүзеге асырылады