Меню KDT

Жаңалықтар

poster

Өндірістік жиналыс

Қыркүйек айының 19-ында №5 емхананың конференц-залында өндірістік жиналыс өтті, оны уақытша басшы Бекенова Ж.К. жүргізді.

Іс-шараға бөлім меңгерушілері мен барлық профильдегі медициналық мейірбикелер қатысты. Жиналыс барысында скринингтік тексерулерді ұйымдастыру және өткізу, халықты вакцинациялау жоспарларын орындау, сондай-ақ медициналық этика мен деонтология нормаларын кәсіби қызметте сақтау туралы есептер ұсынылды.

Ағымдағы алдын алу жұмыстарының нәтижелерін талдау, туындаған мәселелерді анықтау және оларды шешу жолдарын талқылауға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру және медициналық персоналдың кәсіби мінез-құлқын жоғары деңгейде ұстау шаралары қарастырылды.



Әлеуметтік маңызы бар аурулар санатына не кіреді және олар қалай қаржыландырылады