ОСМС бойынша ЭКО-ға квота қалай алуға болады
Экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКО) – бұл әйел ағзасынан тыс, арнайы зертханада аналық жасуша мен аталық ұрықты біріктіру арқылы жүргізілетін жоғары технологиялық көмекші репродуктивті әдіс. ЭКО бедеуліктің әртүрлі түрлерінде қолданылады және көп жағдайда отбасылық жұпқа ата-ана болудың жалғыз мүмкіндігі болып табылады.
Қазақстан Республикасында репродуктивті денсаулықты қолдау бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында азаматтарға ОСМС (Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) жүйесі арқылы ЭКО процедурасын тегін (квота бойынша) өту мүмкіндігі ұсынылады.
ЭКО-ға квота алу талаптары:
1.Бедеуліктің расталуы
-Дәрігермен қойылған «бедеулік» диагнозы болуы қажет.
-Өзге емдеу әдістерінің нәтиже бермегені дәлелденуі тиіс.
-Бедеулік «стажы» 1 жылдан 2 жылға дейін (себебіне байланысты) талап етіледі.
2.Жұптың жасы
-Әйел адамның (жұптың) жасы 42 жасқа дейін (қоса алғанда) болуы тиіс.
3.ОСМС жүйесіне қатысу
-Ерлі-зайыптылардың біреуі немесе екеуі де Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тіркелген, сақтандырылған болуы керек.
4.Медициналық қарсы көрсетілімдердің болмауы
-Қосымша тексерулерден кейін процедураға қарсы көрсетілімдер анықталмаған жағдайда ғана рұқсат етіледі.
ЭКО-ға квота алу кезеңдері:
1.Тұрғылықты жеріңіздегі әйелдер консультациясына бару
-Сізді тексеріске жібереді және құжаттарды рәсімдеу басталады.
2.Жұпты кешенді тексеру
-Анализдер, УДЗ, мамандар қорытындысы – диагнозды растау үшін.
3.Құжаттарды жинау және рәсімдеу
-Тексеріс нәтижелеріне қарай дәрігер квота алуға өтінім дайындайды.
4.Құжаттарды уәкілетті медициналық мекемеге тапсыру
-Өтінім ЭКО процедурасын ОСМС арқылы орындайтын клиникаға жіберіледі.
5.ЭКО-ға жолдама алу
-Құжаттар мақұлданған жағдайда, сіз таңдаған немесе ұсынылған орталыққа жолдама аласыз.
Өзекті ақпарат пен өзгерістерді қайдан қадағалауға болады:
-ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайты:
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm
-Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ):
https://fms.kz
https://fms.kz
-ОСМС бойынша жұмыс істейтін репродуктивтік клиникалардың сайттары
-Электрондық үкімет порталы (eGov.kz):
https://egov.kz
https://egov.kz
МӘМС-ТІҢ НЕГІЗГІ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ