Меню KDT

Жаңалықтар

poster

Абай болыңыз, құтыру!

Құтырмаға қарсы дүниежүзілік күрес күні жыл сайын 28 қыркүйекте атап өтіледі. Бұл күннің мақсаты – халықтың бұл аурудың қаншалықты қауіпті екендігі, оның таралу жолдары мен алдын алу шаралары туралы хабардарлығын арттыру.
Құтырма – адамның және жануарлардың орталық жүйке жүйесін зақымдайтын, өте қауіпті вирустық инфекция. Аурудың клиникалық белгілері пайда болған жағдайда, ол әрдайым өліммен аяқталады. Алайда, медицина көмегіне уақытында жүгінсе, аурудың алдын алуға болады.
Құтырма қалай жұғады?
Құтырманың жұғу жолы – вирус жұққан жануар тістеп алғанда, тырнап алғанда немесе сілекейі теріге түскенде болады. Вирустың тасымалдаушылары – жабайы және үй жануарлары: түлкілер, еноттар, жарқанаттар, иттер мен мысықтар.
Жануар тістеп алса не істеу керек?
1.Жараны дереу көп мөлшердегі сумен және сабынмен 10–15 минут бойы жуыңыз.
2.Жараның шетін антисептикпен өңдеңіз.
3.Тез арада травмпунктке немесе емханаға барыңыз – дәрігер жағдайды бағалап, қажет болса, құтырмаға қарсы вакцинация тағайындайды.
Алдын алу шаралары:
-Үй жануарларын вакцинациялау – міндетті!
-Балаларды көшедегі үйсіз жануарларға жолатпаңыз.
-Жабайы жануарлармен байланыстан аулақ болыңыз, тіпті олар жуас көрінсе де.
-Үй жануарларыңыздың жағдайын бақылап отырыңыз – кенеттен болған агрессия немесе әлсіздік аурудың белгісі болуы мүмкін.
Құтырма вирусын жұқтыру қаупі бар кез келген жағдайда, дәрігерге дер кезінде қаралу өте маңызды.
Уақытында жасалған вакцинация – аурудың дамуын болдырмаудың жалғыз жолы.

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз – сақтықта қорлық жоқ!


Дербес төлеушілер үшін МӘМС жарналары