Меню KDT

Жаңалықтар

poster

Береке жүгіруі: «Болашаққа бірге қадам басамыз!»

2025 жылғы 27 қыркүйекте «Усолка» шаңғы базасында Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығына арналған әуесқойлар арасындағы Береке жүгіруі өтті.
Іс-шара түрлі кәсіп пен жастағы қатысушыларды біріктіріп, бірлік пен қолдаудың, салауатты өмір салтына ұмтылыстың символына айналды. Жүгіру «Болашаққа бірге қадам басамыз!» ұранымен өтіп, ынтымақ пен команда рухының маңыздылығын айқын көрсетті.
№5 емханасының ұжымы бұл спорттық мерекеге белсенді қатысты. Әріптестеріміз жарысқа көтеріңкі көңіл күймен шығып, сергектік пен қоғам өміріне белсене араласу арқылы тамаша үлгі көрсетті.
Жүгіру соңында барлық қатысушыларға естелік медальдар табысталды. Бұл марапаттар - кәсіподақ қозғалысының дамуына қосқан үлес пен салауатты өмір салтын насихаттағандары үшін алғыс белгісі болды.
Іс-шараға белсенді қатысқандары және емханамыздың абыройын жоғары деңгейде танытқандары үшін әріптестерімізге алғыс білдіреміз!



Сіздің жұмыс берушіңіз МӘСҚ –на аударым төлейтінін қалай білуге болады