Меню KDT

Жаңалықтар

poster

Жүрек күніне орай ұйымдастырылған дөңгелек үстел

29 қыркүйек күні №5 емхананың кардиолог дәрігері Телжанов Ә.Ж. Дүниежүзілік Жүрек күніне арналған іс-шаралар аясында дөңгелек үстел өткізді. Кездесу барысында жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу, уақтылы диагностика жүргізу және салауатты өмір салтын сақтау мәселелері талқыланды.

Дөңгелек үстелге қатысушыларға артериялық қысымды бақылау, дұрыс тамақтану, физикалық белсенділік және зиянды әдеттерден бас тарту бойынша ұсыныстар жазылған ақпараттық-оқыту материалдары таратылды. Халықтың қауіп факторлары туралы хабардарлығын арттыру мен оларды азайту жолдарына ерекше көңіл бөлінді.

Іс-шара пациенттердің медициналық білім деңгейін арттыруға ықпал етті, бұл жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуда және халық денсаулығын нығайтуда маңызды қадам болып табылады.

Артық немесе қате есептелген қаражатты/жарналарды/өсімпұлдарды МӘМС арқылы қайтару қалай жүзеге асырылады