Меню KDT

Жаңалықтар

poster

Қазақстандағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға медициналық көмек көрсету

Тұрақты тұратындар (ықтиярхатпен):
Денсаулық сақтау жүйесінің толық көлемінде медициналық көмек алуға құқылы:
-Жедел медициналық көмек
-Алғашқы медициналық-санитариялық көмек (АМСК)
-Стационарлық көмек (тәуліктік және күндізгі)
-Паллиативтік көмек
-Реабилитация (қалпына келтіру емдері)
-Дәрілік заттармен қамтамасыз ету және т.б.
 
Уақытша тұратындар (ықтиярхатсыз):
Медициналық көмек тек мемлекеттер арасындағы келісімдер негізінде ұсынылатын ТМККК шеңберінде көрсетіледі:
-Шұғыл медициналық көмек
-Әлеуметтік маңызы бар және жұқпалы қауіпті ауруларды емдеу
 Мысалы, ТМД елдерінің азаматтары осындай көмекке халықаралық келісімдер бойынша жүгіне алады.
 
ЕАЭО елдерінен келген еңбек мигранттары және олардың отбасы үшелері:
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі бойынша көмек ала алады, егер:
-Емханаға тіркелген болса
-Сақтандырылған мәртебесі болса

 Ерікті медициналық сақтандырумен (ЕМС) келген еңбек мигранттары:
   Емханаға тіркеліп, МӘМС жүйесіндегі қызметтерді ала алады
 Бірақ: ТМККК шеңберінде тегін медициналық көмек алу құқығы жоқ
 
Қалған барлық қызметтер – ақылы, пациенттің есебінен.


Әлеуметтік маңызы бар аурулар санатына не кіреді және олар қалай қаржыландырылады