Меню KDT

Жаңалықтар

poster

Сүт безі обырын алдын алу

Сүт безі обырымен күресудің дүниежүзілік күніне орай №5 емханада пациенттерге арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны онколог-дәрігер Амангалиева А.А. өткізді.
Кездесу барысында сүт безі обырының алдын алу және ерте анықтау мәселелері, сондай-ақ тұрақты профилактикалық тексерулердің маңыздылығы мен өзін-өзі тексеру әдістері талқыланды.
Дәрігер қауіп факторлары, заманауи диагностика әдістері туралы айтып, маманға уақтылы жүгінудің әйел денсаулығы мен өмірін сақтаудағы маңызды рөлін атап өтті.
Сонымен қатар, салауатты өмір салтының – дұрыс тамақтану, жеткілікті физикалық белсенділік және зиянды әдеттерден бас тартудың – маңыздылығы атап өтілді.
Іс-шара қатысушылары ақпараттық жадынамалар мен аурулардың алдын алу жөніндегі практикалық ұсынымдар алды.



Сақтандырылған азаматтар
 МӘМС  бойынша ЭКО- ға сене ала ма