
16 қазан – Дүниежүзілік салауатты тамақтану күні
Бүгін, 16 қазан күні, бүкіл әлемде Дүниежүзілік салауатты тамақтану күні аталып өтеді. Бұл күн теңгерімді тамақтанудың және біз тұтынатын тағамға саналы көзқарастың маңыздылығын еске салады. Дұрыс тамақтану денсаулықты нығайтып, энергияны арттыруға және көптеген аурулардың алдын алуға көмектеседі.
Мамандар күнделікті ас мәзіріне көкөністер мен жемістерді, дәнді дақыл өнімдерін көбірек қосып, жеткілікті мөлшерде су ішуге кеңес береді. Майлы және тәтті тағамдарды азайту, тұзды мөлшерлеп пайдалану сияқты шағын қадамдардың өзі де денсаулыққа айтарлықтай пайда әкеледі.
Салауатты тамақтану – жақсы көңіл күй мен мықты денсаулыққа бастар қарапайым жол!
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесі
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесі
