
Үстел теннисінен жарыс
Үстел теннисін танымал ету, салауатты өмір салтын насихаттау және спорттық шеберлік деңгейін арттыру мақсатында 2025 жылғы 19 қазанда JENIMPAZ үстел теннисі орталығында медициналық ұйымдар арасында облыстық біріншілік өтті.
Іс-шараны Павлодар облыстық «SENIM» денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының филиалы «Павлодар медициналық жоғары колледжі» ШЖҚ КМК-ның қатысуымен ұйымдастырды.
Турнирге ерлер және әйелдер командалары қатысты. Жарыстар ITTF ережелері бойынша – бес партиядан үш жеңіске дейін ойналды.
№5 емханасының қызметкерлері жарысқа белсенді қатысып, жоғары дайындық деңгейін, спорттық ынта мен командалық рухты көрсетті.
Дербес төлеушілер үшін МӘМС жарналары
Дербес төлеушілер үшін МӘМС жарналары
