
БҚА-ның алдын алу бойынша облыстық конференция
17 қазан күні Павлодар облыстық кардиологиялық орталығында «Павлодар облысындағы БҚА мәселелері: алғашқы профилактикадан кардиореабилитацияға дейін» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференция жұмысына өңірдің медициналық ұйымдарынан кардиологтар, неврологтар, терапевтер мен жалпы практика дәрігерлері қатысты.
«БҚА бар пациенттерді профилактикалау, диагностикалау және скрининг» тақырыбында баяндама жасаған №5 емхананың кардиолог-дәрігері Тельжанов Ә. Ж. өз сөзінде қауіп факторларын ерте анықтау мен бақылаудың заманауи тәсілдерін атап өтті, сондай-ақ жүйелі скрининг пен профилактикалық шаралардың маңыздылығына тоқталды.
Талқылау барысында мамандар ерте диагностика, өмір салтын түзету және халық арасында профилактикалық бағдарламалардың тиімділігін арттыру мәселелері бойынша тәжірибе алмасты.
Іс-шара өңірдегі жүрек-қан тамырлары ауруларының таралуын төмендету бағытында кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға және кешенді көзқарасты дамытуға ықпал етті.
Қызметкерлер үшін МӘМС-ға аударымдар мен жарналар
Қызметкерлер үшін МӘМС-ға аударымдар мен жарналар
