ЖИ-мен бірге болашақ технологиясына қадам
Павлодар қаласындағы №5 емхана болашақ технологияларын енгізуде!
Енді пациенттердің өтініштерін өңдеу үшін жасанды интеллект негізіндегі зияткерлік жүйе қолданылады. Бұл жүйе пациенттермен байланысты барынша ыңғайлы, жылдам және тиімді етуге бағытталған.
Енді пациенттердің өтініштерін өңдеу үшін жасанды интеллект негізіндегі зияткерлік жүйе қолданылады. Бұл жүйе пациенттермен байланысты барынша ыңғайлы, жылдам және тиімді етуге бағытталған.
Қоңырау шалу кезінде оператор әдеттегідей жұмыс істейді, ал жасанды интеллект фондық режимде сөйлеуді танып, әңгімені мәтінге айналдырады және автоматты түрде электрондық өтініш картасын жасайды. Жүйе өтініш түрін – қабылдауға жазылу, кеңес алу, анықтама, шағым немесе пікір екенін – өздігінен анықтайды. Бұл операторларға түсетін жүктемені азайтып, қызмет көрсетуді жеделдетеді.
Сонымен қатар, жасанды интеллект өтініштердің тақырыбы мен жиілігі бойынша талдау жүргізеді – енді мамандар тұрғындарды көбіне қандай мәселелер мазалайтынын көріп, медициналық көмектің сапасын нақты деректер негізінде жақсарта алады.
Бар болғаны 10 күн ішінде жүйе алғашқы қоңырауларды өңдеп, тамаша нәтижелер көрсетуде!
Бұл – №5 емхананың цифрландыру мен қызмет сапасын арттыру жолындағы тағы бір қадамы. Павлодар тұрғындары үшін медициналық көмекті барынша қолжетімді әрі ыңғайлы ету – емхананың басты мақсаты.
Қорына жарналарды төлеуден кім босатылады және мемлекет кімге аударым жасайды