Меню KDT

Жаңалықтар

poster

Инсульттің алдын алу - денсаулыққа апарар жол

Әр жылы 29 қазан күні бүкіл әлемде Дүниежүзілік инсультпен күрес күні аталып өтеді -бұл қан тамырларының саулығына көңіл бөлу мен уақытылы алдын алудың маңыздылығын еске салады.

Инсульттің алдын алуға болады! Артериялық қысымды бақылау, темекіден бас тарту, дұрыс тамақтану және тұрақты дене белсенділігі ауру қаупін айтарлықтай төмендетеді.

Біздің емханада осы күнге орай дөңгелек үстел өткізілді, онда невропатолог дәрігер Жапарова Айгүл Қайруллиновна инсульттің алғашқы белгілері, оның алдын алу шаралары және дер кезінде медициналық көмекке жүгінудің маңызы туралы әңгімеледі.

Есіңізде болсын: егер кенеттен әлсіздік, сөйлеудің бұзылуы немесе бет асимметриясы байқалса - дереу жедел жәрдем шақырыңыз, әр минут маңызды!

Денсаулығыңызды сақтаңыз - аурудың алдын алу оны емдеуден жақсы.




МӘМС жарналары қалай және қайда жасалады