Меню KDT

Жаңалықтар

poster

Қант диабеті бақылауда: Ашық есік күні

13 қараша күні №5 емханада Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күніне арналған Ашық есік күні өтті.
Іс-шара аясында пациенттер мамандардан кеңес алу, салауатты өмір салты, дұрыс тамақтану және қант диабетінің алдын алу шаралары туралы қызықтырған сұрақтарын қою мүмкіндігін алды.
Қонақтарға қауіп факторлары, аурудың алғашқы белгілері және оны болдырмаудың заманауи тәсілдері туралы айтылды.
Барлық қатысушыларға қандағы қант деңгейін бақылаудың және денсаулықты сақтаудың маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.


Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберіндегі медициналық қызметтер тізбесі