Меню KDT

Жаңалықтар

poster

Антибиотиктерді бақылаусыз қабылдау денсаулыққа қауіпті

Неліктен антибиотиктерді өз бетімен қабылдауға болмайды:

-Бактериялар дәріге үйренеді. Егер антибиотиктерді дәрігердің тағайындауынсыз қабылдаса, келешекте олар әсерін жоғалтуы мүмкін.
-Микрофлораның теңгерімі бұзылады. Антибиотиктер тек зиянды бактерияларды ғана емес, пайдалы бактерияларды да жояды, бұл ас қорыту мен иммунитетке проблемалар туғызуы мүмкін.
-Аллергия және алдын ала болжанбайтын реакциялар. Терінің бөртпесі, қышу, ісіну, кейде ауыр асқынулар мүмкін.
-Қосымша жанама әсерлер. Құсу, диарея, бас ауруы, ал дұрыс мөлшерлеме сақталмаса бауыр немесе бүйрек зақымдалуы мүмкін.
-Симптомдарды жасыру. Дәрігердің бақылауынсыз антибиотиктерді қабылдау ауыр ауру белгілерін жасырып, дұрыс диагноз қоюды қиындатады.

Антибиотиктер тек дәрігер тағайындаған жағдайда қабылданады! Бұл денсаулықты сақтауға және асқынулардан аулақ болуға көмектеседі.


Сақтандырылған азаматтар
 МӘМС  бойынша ЭКО- ға сене ала ма