Меню KDT

Жаңалықтар

poster

Өкпе обырының алдын алу бойынша іс-шара

Өкпе обырының алдын алу бойынша іс-шара
5-емханада пациенттерге арналған өкпе обырының алдын алу және оны ерте диагностикалау мәселелеріне бағытталған ағартушылық дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараны онколог дәрігер Толебаева Улжан Токтаровна  жүргізді. Ол аурудың қауіп факторлары, алғашқы белгілері, заманауи тексеру әдістері, сондай-ақ профилактикалық тексерістер мен шылым шегуден бас тартудың маңызы туралы егжей-тегжейлі түсіндірді.
Қатысушыларға алдын алу жөніндегі ұсынымдар, диагностика әдістері және қосымша кеңес алуға болатын қызметтердің байланыс деректері көрсетілген ақпараттық буклеттер таратылды. Пациенттер өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, маманнан толыққанды жауаптар алды.



МӘМС 
 жарналары қалай және қайда жасалады