Меню KDT

Жаңалықтар

poster

Қызамық туралы не білу керек

Қызамық -бұл жөтелгенде, түшкіргенде немесе науқас адаммен сөйлескенде ауа-тамшылы жолмен жұғатын вирустық ауру.
Қызамықтың негізгі белгілері:
-Алдымен бетте пайда болып, кейін денеге, қол мен аяққа таралатын бөртпе (алақан мен табан әдетте зақымдалмайды). Бөртпе қышынуы мүмкін.
-Тамақтың қызаруы және ауыруы.
-Мұрынның бітелуі, тұмау, жеңіл жөтел.
-Көздің жас ағуы, қызаруы.
-Дене қызуының көтерілуі, қалтырау, әлсіздік, бас ауруы.
Бұлшықеттер мен буындардың ауыруы.
-Мойын мен желке аймағындағы лимфа түйіндерінің ұлғаюы және ауырсынуы.
Қызамықты қалай емдейді
Вирусқа қарсы арнайы ем жоқ, сондықтан емдеу науқастың жағдайын жеңілдетуге бағытталған:
-Демалыс және төсек режимі.
-Мол сұйықтық ішу.
-Жоғары температура кезінде қызу түсіретін дәрілер.
-Бөртпе кезіндегі қышынуды азайтатын құралдар.
-Буындар ауырған кезде ауырсынуды басатын дәрілер.
Болжам
Әдетте қызамық жеңіл өтеді және толық сауығумен аяқталады. Аурудан кейін өмір бойы иммунитет қалыптасады.
Алдын алу
Қорғанудың ең сенімді жолы - вакцинация. Күнтізбеге сәйкес екпе балаларға 1 жаста салынады, қайта егу -6 жаста жүргізіледі.
Белгілер пайда болған жағдайда міндетті түрде дәрігерге жүгіну керек және өзін-өзі емдеумен айналыспау қажет.
 

 

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберіндегі медициналық қызметтер тізбесі