
Туберкулёздің алдын алу
Туберкулёз – алдын алуға болатын жұқпалы ауру, оны болдырмауға дер кезінде жүргізілетін профилактикалық шаралар көмектеседі.
Алдын алудың негізгі түрлері:
-Арнайы профилактика – жаңа туған нәрестелерге БЦЖ (БЦЖ-М) вакцинациясын жүргізу. Вакцина туберкулёздің ауыр және таралған түрлерінің даму қаупін төмендетеді.
-Химиопрофилактика – туберкулёзбен ауыратын науқаспен тығыз байланыста болған адамдарға, сондай-ақ ауру белгілері жоқ, бірақ туберкулёз инфекциясы анықталған тұлғаларға туберкулёзге қарсы препараттарды қабылдау.
-Санитарлық профилактика – байланыста болған адамдарды тексеру және оларды бақылауда ұстау, инфекция ошағында эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу.
-Әлеуметтік профилактика – өмір сүру жағдайларын жақсарту, халықтың санитарлық мәдениеті мен ақпараттану деңгейін арттыру.
Әр адам үшін маңызды:
1.профилактикалық тексерулерден үнемі өту:
-ересектерге – жылына кемінде 1 рет флюорография;
-балаларға – жыл сайын иммунологиялық тесттер (Манту сынамасы немесе Диаскинтест);
2.жеке гигиена ережелерін сақтау және үйде тазалықты сақтау;
3.салауатты өмір салтын ұстану: дұрыс тамақтану, таза ауада көбірек болу, иммунитетті нығайту.
Уақтылы профилактика және тұрақты тексерулер ауруды ерте кезеңде анықтауға және денсаулықты сақтауға көмектеседі.
Кенеттен қызметкерге аударым жасамайтын жұмыс беруші қандай жауапкершілікке тартылады
