Меню KDT

Жаңалықтар

poster

Су айдындарындағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері

Жылдың жылы мезгілінде су айдындары жанында демалу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау ерекше маңызды. Қарапайым сақтық шараларын сақтамау қайғылы оқиғаларға әкелуі мүмкін.
 
Мамандар жүріс-тұрыстың негізгі ережелерін еске салады:
 
-Тек арнайы жабдықталған және рұқсат етілген орындарда ғана шомылыңыз.
-Су айдынының белгісіз немесе қауіпті жерлеріне кірмеңіз.
-Мас күйінде шомылмаңыз.
-Балаларды су жанында бір сәтке де қараусыз қалдырмаңыз.
-Жағадан алысқа жүзіп кетпеңіз және өз күшіңізді асыра бағаламаңыз.
-Белгісіз жерлерге суға секіруден аулақ болыңыз.
-Қатты жел, найзағай немесе дауыл кезінде шомылуға қатаң тыйым салынады.
Балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аудару қажет. Олар үшін құтқару жилеттерін немесе жеңқаптарды қолдану ұсынылады, сондай-ақ ересектер үнемі жанында болуы тиіс.
 
Осы қарапайым ережелерді сақтау қайғылы жағдайлардың алдын алып, су жағасындағы демалысты қауіпсіз етеді.
 

Әлеуметтік маңызы бар аурулар санатына не кіреді және олар қалай қаржыландырылады