Меню KDT

Жаңалықтар

poster

Онкологиялық аурулардың алдын алу

Адам денсаулығы көп жағдайда өмір салтына байланысты. Онкологиялық аурулардың даму қаупінің негізгі факторларына: темекі пайдалану, дұрыс тамақтанбау, созылмалы күйзеліс, төмен физикалық белсенділік, алкогольді шамадан тыс пайдалану және созылмалы инфекциялар жатады.
Қауіпті азайту үшін қарапайым алдын алу шараларын сақтау маңызды:
-белсенді өмір салтын ұстану және дене салмағын қалыпты деңгейде сақтау;
-темекі шегуден бас тарту;
-алкогольді сусындарды тұтынуды шектеу;
-ысталған және ащы тағамдарды тұтынуды азайту;
-теңгерімді тамақтануды ұстану, көкөністер мен жемістерді көбірек пайдалану;
-профилактикалық тексерулер мен диагностикалық зерттеулерден тұрақты түрде өту.

Денсаулыққа деген жеке жауапкершілік - көптеген аурулардың алдын алудағы маңызды қадам. Өзіңізді күтіңіз және денсаулығыңызға қамқор болыңыз!

Сақтандырылған азаматтар  МӘМС  бойынша ЭКО- ға сене ала ма