Онкологиялық аурулардың алдын алу
Адам денсаулығы көп жағдайда өмір салтына байланысты. Онкологиялық аурулардың даму қаупінің негізгі факторларына: темекі пайдалану, дұрыс тамақтанбау, созылмалы күйзеліс, төмен физикалық белсенділік, алкогольді шамадан тыс пайдалану және созылмалы инфекциялар жатады. Қауіпті азайту үшін қарапайым алдын алу шараларын сақтау маңызды: белсенді өмір салтын ұстану және дене салмағын қалыпты деңгейде сақтау; темекі шегуден бас тарту; алкогольді сусындарды тұтынуды шектеу; ысталған және ащы тағамдарды тұтынуды азайту; теңгерімді тамақтануды ұстану, көкөністер мен жемістерді көбірек пайдалану; профилактикалық тексерулер мен диагностикалық зерттеулерден тұрақты түрде өту. Денсаулыққа деген жеке жауапкершілік - көптеген аурулардың алдын алудағы маңызды қадам. Өзіңізді күтіңіз және денсаулығыңызға қамқор болыңыз! Сақтандырылған азаматтар МӘМС бойынша ЭКО- ға сене ала ма
