Меню KDT

Жаңалықтар

poster

Тұмауға қарсы вакцинация – өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап Қазақстанда жыл сайынғы тұмауға қарсы вакцинациялау науқаны басталады. Бұл – суық тию мен вирустық аурулар маусымында денсаулықты сақтаудың маңызды әрі тиімді жолы. Иммундау ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2025 жылғы 27 тамыздағы Қаулысына сәйкес жүргізіледі. Мақсаты – тұмаудың алдын алу және күзгі-қысқы кезеңде ЖРВИ-мен сырқаттанушылықты азайту. Неліктен екпе салдыру керек? Тұмау – асқынуға әкелуі мүмкін ауыр ауру. Әсіресе балалар, қарттар, жүкті әйелдер және созылмалы аурулары бар адамдар үшін қауіпті. Вакцинация аурудың ауыр өту қаупін төмендетеді және өзіңізді де, жақындарыңызды да қорғайды. Вакцина туралы: -Вакциналар ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен сатып алынған -Мемлекеттік тіркеуден және сапа бақылауынан өткен -Қауіпсіз, тиімді және ДДСҰ-ның 2025–2026 жылдарға арналған ұсыныстарына сәйкес келеді Кімдер тегін вакцина ала алады? -6 айдан асқан балалар -Жүкті әйелдер (2–3 триместр) -60 жастан асқан адамдар -Созылмалы аурулары бар науқастар (ҚД, ЖЖА, БА және т.б.) -Медицина қызметкерлері -Әлеуметтік осал топтар (балалар үйлері, интернаттар, қарттар үйлері) Қалай вакцина салдыруға болады? Тіркелген емханаңызға жүгініңіз, учаскелік дәрігердің қарауынан өтіп, екпе бөлмесінде вакцина алыңыз. Вакцинация барлық қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып жүргізіледі. Екпе бөлмесінің жұмыс уақыты: Дүйсенбі – жұма, сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін. Өз денсаулығыңызды және жақындарыңыздың денсаулығын қорғаңыз – тұмауға қарсы екпені уақытында алыңыз! Дербес төлеушілер үшін МӘМС жарналары  

poster

Балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыру

Салауатты өмір салты (СӨС) бала кезінен қалыптасады. Нақты осы жас кезеңінде пайдалы дағдылар қалыптасып, бала мықты, белсенді және психологиялық тұрақты болып өседі. Балалардағы СӨС-тің негізгі бағыттары: -Дене белсенділігі – күнделікті қозғалмалы ойындар, спорт және серуендер. -Рационалды тамақтану – режим, теңдестірілген мәзір, фастфудты пайдаланбау. -Жеке гигиена – қолды, денені, киімді таза ұстау, ауыз қуысына күтім жасау. -Психологиялық денсаулық – үйде және мектепте жылы, жағымды атмосфера. -Қауіпсіздік – жол қозғалысы ережелерін білу, тұрмыста және интернетте қауіпсіз жүріс-тұрыс. -Зиянды әдеттерден бас тарту – алдын алу әңгімелері және ересектердің жеке мысалы арқылы. Ересектердің рөлі өте маңызды – балаларды үлгі алу арқылы үйренеді. Ата-аналар, мұғалімдер және дәрігерлер бірге әрекет етіп, баланың салауатты болып өсуіне көмектесуі керек. СӨС – ұзақ, белсенді және бақытты өмірдің негізі. МӘМС -ТІҢ НЕГІЗГІ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ  

poster

2025 жылғы 30 тамыз - Қазақстан Конституциясының 30 жылдығы!

2025 жылғы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығы аталып өтеді! Отыз жыл бұрын еліміздің әрбір азаматының құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын негізгі заң қабылданды. Конституция -қоғамымыздың негізі, онда әркім ұлтына, жынысына, тіліне немесе дініне қарамастан, қадірлі әрі тең. Барлық қазақстандықтарды Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Елдің әрі қарай дамуы негізгі заңға және әділеттілік принциптеріне құрылған болсын. ЕАЭО - дан (Армения, Ресей, Беларусь, Қырғызстан) , шетелдіктерге, еңбек мигранттары на арналған   медициналық   көмектің көле мімен пайдалана алады.  

poster

Назар аударыңыз! Халықты тіркеу науқаны басталды

2025 жылғы 1 қыркүйек пен 1 қараша аралығында алғашқы медициналық-санитариялық көмек (АМСК) ұйымдарына халықты тіркеу бойынша жыл сайынғы науқан өткізіледі. Науқанның мақсаты – әрбір тұрғынға медициналық қызмет көрсетілетін емхананы еркін таңдауға мүмкіндік беру , бұл мемлекеттік тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде жүзеге асырылады. Тіркелуге кімдер құқылы: -Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар, босқындар, тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктер – ТМККК және МӘМС шеңберінде көмек алу құқығы болған жағдайда -Уақытша тұрып жатқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар – ерікті (ЕМС) немесе міндетті медициналық сақтандыру (ММС) шарты/полисі негізінде -ЕАЭО елдерінен келген еңбекші мигранттар мен олардың отбасы мүшелері (Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армения) – ЕМС/ММС болған жағдайда -18 жастан асқан студенттер – өз бетімен тіркеле алады -Кәмелетке толмағандар – ата-анасының, қамқоршысының немесе қорғаншысының өтініші бойынша -Жүкті әйелдер мен 5 жасқа дейінгі балалар – нақты тұратын жері бойынша тіркеледі -Зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдар – тікелей емханаға барып өтініш бере алады -Бала кезінен мүгедектердің заңды өкілдері, патронат тәрбиешілер – тиісті құжаттар негізінде -Мерзімді әскери қызметшілер мен сотталғандар – орналасқан жері бойынша тіркеледі Тіркеу тәртібі: kz порталы арқылы Авторизациядан өтіп, электрондық өтініш толтырыңыз. Жауап жеке кабинетке 1 жұмыс күні ішінде жіберіледі. Емханаға жеке барып Жеке куәлікті ұсыну қажет және мекеме басшысының атына өтініш толтырылады. Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) арқылы Тіркеу ЖСН бойынша және тек бір емханаға ғана жүргізіледі. Егер сіз емхананы ауыстырмайтын болсаңыз, жаңа өтініш берудің қажеті жоқ – бұрынғы тіркеу күшінде қалады. Қызмет көрсету мерзімі: Жаңа емханаға тіркелген азаматтар 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап сол ұйымнан қызмет ала бастайды. Оған дейін – бұрын тіркелген емханада қызмет көрсетіледі. Тіркеуден бас тарту себептері: -Деректердің дұрыс емес немесе толық емес болуы -Бір дәрігерге тіркелген адамдар санының шектен асуы -Заңды өкілдігін растайтын құжаттардың болмауы (балалар мен қамқорлықтағы тұлғалар үшін) -Жеке деректерді өңдеуге келісімнің болмауы Қосымша ақпарат пен кеңес алу үшін: -Өз емханаңыздың тіркеу бөлімі -Байланыс орталығы: 1414 -Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы -Веб-сайт: fms.kz -Telegram-бот: SaqtandyryBot -Астана қаласы бойынша қалалық қолдау қызметі: iKomek 109 Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесі  

poster

1 қыркүйек - Білім күні

Білім күніне орай 5-ші емханасының кәсіподақ комитеті мекеме қызметкерлерінің балаларына арналған «Мектепке жол» атты құттықтау акциясын өткізді. Іс-шара аясында қызметкерлердің балаларына жаңа оқу жылына дайындалуға көмектесетін естелік сыйлықтар мен ақшалай сертификаттар табысталды. Кәсіподақ комитетінің төрайымы Фахрутдинова Н.З. балаларды келе жатқан мерекемен құттықтап, оларға табыс пен жаңа жетістіктер тіледі. Мұндай игі бастама ұжымның өз қызметкерлері мен олардың отбасыларына деген қамқорлығын, қолдауын және ықыласын айқын көрсетеді. Әлеуметтік маңызы бар аурулар санатына не кіреді және олар қалай қаржыландырылады

poster

Терезеден балалардың құлауы – алдын алуға болатын қайғылы жағдай

Жалпы тәжірибе дәрігері Амантаева Н.С.-ның бейнеүндеуі Жалпы тәжірибе дәрігері Амантаева Н.С. терезеден балалардың құлауын алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ата-аналарға арналған бейнеүндеу жазды (Instagram -да қолжетімді: @poliklinika5_pvl ). Амантаева Н.С. әр жаз мезгілінде балаларға қатысты қайғылы оқиғалардың саны артатынын атап өтті, ал соның ішіндегі ең ауыр себептердің бірі – терезеден құлау жағдайлары. Мұндай жағдайлардың көбісі үлкендердің көз алдында, қауіпсіздік шараларының қарапайым сақталмауы салдарынан орын алады. Дәрігер ата-аналарды аса мұқият болуға және қарапайым, бірақ өмір үшін маңызды сақтық шараларын сақтауға шақырды. Балалардың қауіпсіздігі – ересектердің қолында. Сақтық пен жауапкершілік танытыңыздар. Сақтандырылған азаматтар МӘМС  бойынша ЭКО- ға сене ала ма  

poster

18 жасқа дейінгі балаларға арналған 075/у нысан бойынша анықтаманы қалай алуға болады

075/у нысан бойынша анықтама -бұл баланың денсаулығының жай-күйін растайтын және оның білім беру орындарына, спорт секцияларына, үйірмелерге, лагерлерге және басқа да мекемелерге баруға дайын екенін куәландыратын ресми медициналық құжат. Біздің емханада бұл анықтаманы 18 жасқа дейінгі, тұратын жері бойынша тіркелген барлық балалар мен жасөспірімдерге тегін рәсімдеу жүзеге асырылады. 1-қадам. Емханаға тіркелу Алғашқы кезең - баланы емханаға тіркеу. Мұны eGov.kz порталы арқылы, ХҚО-да немесе емхана тіркеу бөліміне тікелей барып жасауға болады. Тіркелу тегін медициналық көмек пен қажетті қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді. 2-қадам. Дәрігерге қабылдауға жазылу Анықтама алу үшін участкелік дәрігерге жазылу қажет: 15 жасқа дейінгі балалар үшін -педиатрға, 15-тен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер үшін -терапевтке немесе жалпы тәжірибелік дәрігерге. Жазылу ыңғайлы жолдармен жүзеге асады: мобильді қосымша, eGov.kz порталы немесе емхана тіркеу бөлімінің телефоны арқылы. 3-қадам. Медициналық тексеру Қабылдау кезінде дәрігер баланы толық тексереді, денсаулығының жалпы жай-күйін бағалайды және қажет болған жағдайда қосымша зерттеулер тағайындайды -қан талдауы, тар мамандардың консультациясы. Мұндай кешенді тәсіл баланың оқу және спорт мекемелеріне баруына кедергі болатын қарсы көрсеткіштерді анықтауға мүмкіндік береді. 4-қадам. Анықтаманы рәсімдеу Барлық тексерулерден кейін дәрігер 075/у нысан бойынша анықтаманы рәсімдейді. Құжат дәстүрлі қағаз нұсқасында немесе QR-кодпен электрондық форматта берілуі мүмкін, бұл анықтаманың шынайылығын растайды және оны тексеруді жеңілдетеді. 5-қадам. Анықтаманы алу және оның жарамдылық мерзімі Анықтама өтініш білдірген күні немесе барлық қажетті тексерулер аяқталған соң беріледі. Құжаттың жарамдылық мерзімі оның алыну мақсатына байланысты 1 жылға дейін. Маңызды ақпарат: -075/у нысан бойынша анықтаманы алу кепілдендірілген тегін медициналық көмектің (ҚТМК) аясында тегін жүзеге асады. -Электрондық анықтама қағаз нұсқасымен бірдей заңдық күшке ие және QR-код арқылы тексерілуі мүмкін. -Анықтаманы рәсімдеу үшін баланың жеке куәлігі немесе туу туралы куәлігін көрсету қажет. -Қиындықтар туындаған жағдайда емхана тіркеу бөліміне немесе участкелік дәрігерге хабарласуға болады.   Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберіндегі медициналық қызметтер тізбесі

poster

Жарақаттың алдын алу: қауіпсіздікке мән беру – денсаулыққа қамқорлық

№5 қалалық емханада тұрғындармен профилактикалық жұмыс аясында жарақаттың алдын алу тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараны травматолог-дәрігер Сеитов Д. Б. жүргізді. Дәрігер науқастар жиі жарақат алатын жағдайларды жан-жақты түсіндіріп берді: үй жағдайында, көшеде, өндірісте, спортпен шұғылдану кезінде және жол-көлік оқиғалары барысында. Жарақаттардың негізгі себептері мен олардан сақтанудың қарапайым тәсілдеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар күнделікті өмірде қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері туралы пайдалы ақпарат алды. Кездесу соңында барлық қатысушыларға жарақаттың алдын алу бойынша көрнекі ұсыныстар жазылған жадынамалар таратылды – бұл денсаулыққа ұқыпты қараудың және сергек болудың маңызын еске салу ретінде ұсынылды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберіндегі медициналық қызметтер тізбесі