💙 РЕПРОДУКТИВТІК ДЕНСАУЛЫҚТЫ ҚАЛАЙ САҚТАУҒА БОЛАДЫ?
Репродуктивтік денсаулық - бұл репродуктивтік жүйеге қатысты барлық салаларда аурулардың жай ғана болмауы емес, толық физикалық, психикалық және әлеуметтік әл-ауқаттың жағдайы. РЕПРОДУКТИВТІК ДЕНСАУЛЫҚТЫ САҚТАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ 🩺 Салауатты өмір салты Дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, толыққанды ұйқы, зиянды әдеттерден бас тарту және жеке бас гигиенасын сақтау репродуктивтік жүйенің денсаулығын сақтауға көмектеседі. 👨 👩 👧 Отбасын жоспарлау Отбасын құруға жауапкершілікпен қарау, жүктілікті жоспарлау және баланың дүниеге келуіне дайындалу ата-аналар мен болашақ баланың денсаулығын сақтауға көмектеседі. ⚠️ Қалаусыз жүктіліктің алдын алу Контрацепция әдістерін білу және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау қалаусыз жүктіліктен сақтануға көмектеседі. 🛡 ️ Контрацептивтер Заманауи контрацепция әдістері жүктілікті жоспарлауға және репродуктивтік денсаулықты қорғауға мүмкіндік береді. Қолайлы әдісті медициналық маманмен бірге таңдаған жөн. ❤️ ҰЛТ ДЕНСАУЛЫҒЫ - ӘР АДАМНЫҢ ЖЕКЕ ДЕНСАУЛЫҒЫ. ЕАЭО - дан (Армения, Ресей, Беларусь, Қырғызстан) , шетелдіктерге, еңбек мигранттары на арналған медициналық көмектің көле мімен пайдалана алады.
