Меню KDT

Жаңалықтар

poster

Сыра – бұл да алкоголь

Көпшілік сыраны күшті алкогольдік ішімдіктерге қарағанда зияны аз деп есептейді. Бірақ бұл олай емес. Сыраның құрамында этил спирті бар, демек, оны тұрақты түрде тұтыну тәуелділікке әкеліп, денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін. Әсіресе сыраны тұтыну жасөспірімдер үшін қауіпті. Олардың ағзасы мен миы әлі де дамып жатқандықтан, алкоголь оларға ересектерге қарағанда күштірек әсер етеді. Ол есте сақтау қабілетін, зейінді, оқу үлгерімін нашарлатып, тәуелділіктің даму қаупін арттыруы мүмкін. Сыраны тұрақты түрде тұтыну: -жүрек жұмысының бұзылуына; -бауыр ауруларының дамуына; -есте сақтау қабілеті мен зейіннің төмендеуіне; -көңіл күйдің өзгеруіне, ашушаңдық пен енжарлыққа; -гормондық бұзылыстарға әкелуі мүмкін. Тіпті алкогольдің аз мөлшерін жиі тұтынудың өзі тәуелділіктің қалыптасуына себеп болуы мүмкін. Денсаулықты сақтаудың ең дұрыс жолы – алкогольден бас тартып, салауатты өмір салтын ұстану. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз! Бүгінгі дұрыс әдеттер – ертеңгі мықты денсаулық пен сапалы өмірдің кепілі. МӘМС  жарналары қалай және қайда жасалады

poster

Демалыс және денсаулық: дәрі қобдишасына өзіңізбен бірге не алу керек

Жазғы демалыс – тынығу мен жаңа әсерлердің уақыты. Сапарыңыз жайлы әрі қауіпсіз өтуі үшін жолға арналған дәрі қобдишасын алдын ала дайындаған жөн. Ол дәрігерге қаралғанға дейін жеңіл сырқаттанулар мен жарақаттар кезінде алғашқы көмек көрсетуге көмектеседі. Өзіңізбен бірге мыналарды алу ұсынылады: -үнемі қабылдайтын дәрілік препараттар; -дене қызуын түсіретін және ауырсынуды басатын дәрі; -аллергияға қарсы препарат; -антисептик, пластырь, бинт, стерильді сүрткілер; -ас қорыту бұзылыстары кезінде қолданылатын және регидратацияға арналған құралдар; -термометр; -күннен қорғайтын крем және жәндіктерден қорғайтын репеллент. Сапарға шығар алдында дәрілік заттардың жарамдылық мерзімін тексеріп, оларды түпнұсқалық қаптамасында сақтаңыз. Өзіңізді жайсыз сезінген жағдайда өздігінен емделмеңіз – медициналық көмекке дер кезінде жүгініңіз. Денсаулығыңызды сақтаңыз және демалысыңыз қауіпсіз өтсін!   Артық немесе қате есептелген қаражатты/жарналарды/өсімпұлдарды МӘМС арқылы қайтару қалай жүзеге асырылады

poster

6–12 шілде – Аллергиялық аурулардың алдын алу апталығы

6–12 шілде аралығында жыл сайын 8 шілдеде атап өтілетін Дүниежүзілік аллергиямен күрес күніне орайластырылған Аллергиялық аурулардың алдын алу апталығы өтеді. Аллергиялық аурулар қазіргі заманғы денсаулық сақтау саласындағы ең кең таралған мәселелердің бірі болып табылады. Бүкіл әлемде аллергиялық ринитпен, конъюнктивитпен, бронх демікпесімен, атопиялық дерматитпен, тағамдық және дәрілік аллергиямен, есекжеммен, ангионевроздық ісінумен және аллергияның басқа да түрлерімен ауыратын адамдардың саны артып келеді. Жаз мезгілі – өсімдіктердің белсенді гүлдену кезеңі. Осы уақытта ауадағы тозаңның мөлшері айтарлықтай артып, маусымдық аллергиялық реакциялардың себебі болуы мүмкін. Әсіресе құрғақ әрі желді ауа райында қауіп жоғары болады, өйткені тозаң алыс қашықтықтарға таралады. Аллергиялық реакциялардың даму қаупін азайту үшін мыналар ұсынылады: -өсімдіктердің белсенді гүлденуі кезеңінде сыртта болу уақытын шектеу; -тозаңдану маусымында табиғатқа шығудан бас тарту; -үйде және автокөлікте терезелерді жабық ұстау; -ауаны тазартатын құрылғылар мен тозаңнан қорғайтын арнайы торларды пайдалану; -үй-жайларда күн сайын ылғалды тазалау жүргізу; -көшеден келгеннен кейін душ қабылдау, шашты жуу, киімді ауыстыру, мұрынды физиологиялық ерітіндімен шаю және қажет болған жағдайда көзді шаю. Аллергия белгілері пайда болған жағдайда дәрігерге дер кезінде қаралу маңызды. Ерте диагностика, дұрыс таңдалған ем және мамандардың ұсынымдарын сақтау ауруды тиімді бақылауға, асқынулардың дамуының алдын алуға және өмір сапасын едәуір жақсартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ профилактикалық тексерулер мен диспансеризациядан тұрақты түрде өту аллергиялық ауруларды уақтылы анықтауға және денсаулықты сақтауға ықпал етеді.   Қ орына жарналарды төлеуден кім босатылады және мемлекет кімге аударым жасайды

poster

Не сатып алып жатқаныңызды оқыңыз: азық-түлік өнімдерін қалай дұрыс таңдау керек

Дұрыс тамақтану өнімдерді саналы түрде таңдаудан басталады. Рационды пайдалырақ етудің ең қарапайым тәсілдерінің бірі – сатып алмас бұрын қаптамадағы ақпаратты мұқият оқу. Өнімдерді таңдағанда неге назар аудару керек? Құрамын оқыңыз. Құрамындағы ингредиенттер олардың мөлшерінің кему ретімен көрсетіледі. Бұл тізімнің басында тұрған компоненттердің өнімде ең көп мөлшерде болатынын білдіреді. Құрамы неғұрлым қысқа әрі түсінікті болса, өнімнің өнеркәсіптік өңдеу деңгейі соғұрлым төмен болады. Қанттың мөлшеріне назар аударыңыз. Егер қант, шәрбаттар немесе фруктоза ингредиенттер тізімінің басында тұрса, бұл өнімде қосылған қанттың көп екенін көрсетеді. Қантты шамадан тыс тұтыну семіздіктің, 2-типті қант диабетінің, жүрек-қан тамырлары ауруларының және тіс жегісінің даму қаупін арттырады. Қоспалары аз өнімдерді таңдаңыз. Дәм күшейткіштердің, бояғыштардың, хош иістендіргіштердің және консерванттардың көп болуы көбіне ультраөңделген өнімдерге тән. Мүмкіндігінше құрамы қарапайым әрі табиғи өнімдерге артықшылық беріңіз. Ұқсас өнімдерді салыстырыңыз. Сатып алмас бұрын бірнеше ұқсас өнімнің құрамын салыстырыңыз. Құрамында қант, тұз және жасанды қоспалар аз, сондай-ақ құрамы қарапайым әрі түсінікті өнімді таңдаңыз. Денсаулықтың пайдасына таңдау жасаңыз Күнделікті тамақтану рационының негізін көкөністер мен жемістер, тұтас дәнді өнімдер, сүт өнімдері, жұмыртқа, балық, майсыз ет, бұршақ тұқымдастар мен жаңғақтар құрауы тиіс. Құрамында қант, тұз және қаныққан майлар көп болатын тәтті газдалған сусындарды, кондитерлік өнімдерді, чипстерді, фастфудты және басқа да өнімдерді тұтынуды шектеңіз. Есіңізде болсын: өнімнің заттаңбасын мұқият оқуға небәрі бірнеше минут кетеді, бірақ бұл өзіңіз бен отбасыңыздың денсаулығы үшін дұрыс әрі пайдалы таңдау жасауға көмектеседі.   Сіздің жұмыс берушіңіз МӘСҚ –на аударым төлейтінін қалай білуге болады

poster

Энергетикалық сусындарды тұтынудың алдын алу: денсаулыққа қамқорлық саналы таңдаудан басталады

Энергетикалық сусындар жасөспірімдер мен жастар арасында кеңінен танымал. Алайда оларды тұрақты түрде тұтыну денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін. HBSC (2022) зерттеуінің деректеріне сәйкес, 11–15 жас аралығындағы жасөспірімдердің 20,5%-ы энергетикалық сусындарды тұрақты түрде тұтынады. Естеріңізге саламыз, 2025 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасында 21 жасқа толмаған адамдарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынды. Бұл шара балалар мен жастардың денсаулығын қорғауға бағытталған. Энергетикалық сусындар несімен қауіпті? Энергетикалық сусындардың негізгі құрамына кофеин, қант, гуарана, таурин және басқа да сергіткіш заттар кіреді. Оларды тұрақты түрде тұтыну төмендегідей салдарға әкелуі мүмкін: -ұйқының бұзылуы, мазасыздық, ашушаңдық және күндізгі шаршау; -жүрек соғысының жиілеуі, артериялық қан қысымының жоғарылауы, жүрек ырғағының бұзылуы; -қант пен қышқылдың жоғары мөлшеріне байланысты тіс жегісі мен тіс кіреукесінің бұзылуы; -асқазанның шырышты қабығының тітіркенуі, қыжыл және іштің ауыруы; -бауыр мен бүйрекке қосымша жүктеме түсуі. Сонымен қатар, көлемі 0,5 литр болатын бір банка энергетикалық сусынның құрамында 10–13 шай қасық қант және 80–160 мг кофеин болуы мүмкін. Бұл 1–2 кесе қою кофедегі кофеин мөлшеріне сәйкес келеді. Энергетикалық сусындарды алкогольмен бірге тұтыну, сондай-ақ оларды қарқынды дене жүктемесінің алдында немесе ұйықтар алдында ішу аса қауіпті. Пайдалы баламалар Сергектік пен жақсы көңіл күйді сақтау үшін: -ұйқы режимін сақтау; -жеткілікті мөлшерде су ішу; -күнделікті рационға жаңа піскен жемістер мен жидектерді енгізу; -тұрақты түрде дене белсенділігімен айналысу; -күн тәртібі мен демалысты тиімді жоспарлау ұсынылады. Өз денсаулығыңызды және балаларыңыздың денсаулығын қорғаңыз! Пайдалы әдеттерді саналы түрде таңдау денсаулықты сақтауға, еңбекке қабілеттілікті арттыруға және өмір сапасын жақсартуға көмектеседі.   Қызметкерлер үшін М Ә МС-ға аударымдар мен жарналар

poster

МӘМС жүйесінде мәртебе жоқ, бірақ операция қажет пе?

Егер сізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде сақтандырылған мәртебесі болмаса, жоспарлы медициналық көмекті, оның ішінде операцияларды, мәртебені қалпына келтіргеннен кейін алуға болады. Сақтандырылған мәртебесі соңғы немесе алдағы 12 ай үшін жарналар немесе аударымдар бойынша үздіксіз төлемдер болған жағдайда беріледі. Егер сіз бұрын жарна төлемеген болсаңыз және азаматтардың жеңілдік санаттарына жатпасаңыз, онда ең тиімді нұсқа – алдағы 12 айға жарналарды төлеу. Бұл сізге сақтандырылған мәртебесін алуға және бір жыл бойы МӘМС жүйесінде медициналық көмекті пайдалануға мүмкіндік береді. 2026 жылы жарна мөлшері әр ай үшін 4 250 теңгені құрайды. Назар аударыңыз: төлем жасалғаннан кейін «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-та төлемдерді өңдеу 3 банктік күнге дейін созылады. Өңдеу аяқталғаннан кейін сізге сақтандырылған мәртебесі беріледі, содан кейін МӘМС жүйесінде медициналық көмек алу қолжетімді болады.   Дербес төлеушілер үшін МӘМС жарналары

poster

Сақ болыңыз: энтеровирустық инфекция

Энтеровирустық инфекция (Enterovirus infection) - энтеровирустардан туындайтын аурулар тобы. Инфекцияның көзі - науқас адам немесе вирус тасымалдаушы. Жұғу ауа-тамшылы, жанасу-тұрмыстық және нәжіс-ауыз жолдары арқылы жүреді, көбінесе ластанған қол, су және тұрмыстық заттар арқылы таралады. Негізгі симптомдар Ауру әртүрлі түрде өтуі мүмкін - жеңіл түрлерден бастап айқын көріністерге дейін. Ең жиі кездесетін симптомдар: -ене температурасының көтерілуі; -әлсіздік, жалпы әлсіздік; -тамақтың ауыруы, мұрынның бітелуі; -теріде бөртпе; -іштің ауыруы, жүрек айну немесе құсу; -бас ауруы. Кей жағдайларда жүйке жүйесі, жүрек немесе көз зақымданатын ауыр түрлері дамуы мүмкін. Айқын белгілер пайда болған жағдайда медициналық көмекке жүгіну қажет. Алдын алу Жұқтыру қаупін азайту үшін: -қолды сабынмен мұқият жуу; -тек қауіпсіз ауыз суын пайдалану; -жеміс-жидек пен көкөністі жуу; -науқас адамдармен байланыстан аулақ болу; -үй-жайды үнемі ылғалды тазалау және желдету. Дәрігерге қашан жүгіну керек Дәрігерге жүгіну қажет, егер: -жоғары температура түспесе; -қызбамен бірге бөртпе пайда болса; -қатты бас ауруы, құсу болса; -сусыздану белгілері байқалса; -жалпы жағдай нашарласа. Энтеровирустық инфекцияға күдік болса, өздігінен емделмеу және уақытылы емханаға жүгіну маңызды. Өз денсаулығыңызды және балаларыңыздың денсаулығын сақтаңыз!   МӘМС -ТІҢ НЕГІЗГІ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ   Даму М ед АЖ көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы анықтама беру .

poster

Инсульт пен инфаркт: алдын алған емдеуден оңай

Инсульт пен инфаркт жүрек-қан тамырлары жүйесінің ең ауыр ауруларының бірі болып қала береді. Алайда көптеген жағдайда олардың дамуының алдын алуға болады, егер өз денсаулығыңызға дер кезінде көңіл бөліп, қарапайым алдын алу шараларын сақтасаңыз. Инсульт пен инфаркттың даму қаупін қалай азайтуға болады? -артериялық қан қысымын үнемі бақылаңыз; -профилактикалық медициналық тексерулерден тұрақты түрде өтіп тұрыңыз; -темекі шегуден бас тартып, алкогольді тұтынуды шектеңіз; -дұрыс тамақтану қағидаларын ұстаныңыз: тұзды, қантты және майлы тағамдарды тұтынуды азайтыңыз; -күн сайын дене белсенділігіне уақыт бөліңіз; -қандағы қант пен холестерин деңгейін бақылаңыз; -созылмалы күйзелістен аулақ болып, ұйқы режимін сақтаңыз. Төмендегі белгілер пайда болған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгініңіз: -кенеттен әлсіздік; -беттің, қолдың немесе аяқтың ұюы; -сөйлеудің бұзылуы; -кеуде тұсының қатты ауыруы немесе қысылу сезімі; -ентігу; -бас айналу немесе есінен тану. Есте сақтаңыз: профилактика, қауіп факторларын уақтылы анықтау және дәрігерге ерте жүгіну ауыр асқынулардың даму ықтималдығын едәуір төмендетіп, денсаулық пен өмірді сақтауға көмектеседі.   ЕАЭО - дан (Армения, Ресей, Беларусь, Қырғызстан) , шетелдіктерге, еңбек мигранттары на  арналған   медициналық   көмектің көле мімен пайдалана алады.