Терезеден балалардың құлауы – алдын алуға болатын қайғылы жағдай
Жалпы тәжірибе дәрігері Амантаева Н.С.-ның бейнеүндеуі Жалпы тәжірибе дәрігері Амантаева Н.С. терезеден балалардың құлауын алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ата-аналарға арналған бейнеүндеу жазды (Instagram -да қолжетімді: @poliklinika5_pvl ). Амантаева Н.С. әр жаз мезгілінде балаларға қатысты қайғылы оқиғалардың саны артатынын атап өтті, ал соның ішіндегі ең ауыр себептердің бірі – терезеден құлау жағдайлары. Мұндай жағдайлардың көбісі үлкендердің көз алдында, қауіпсіздік шараларының қарапайым сақталмауы салдарынан орын алады. Дәрігер ата-аналарды аса мұқият болуға және қарапайым, бірақ өмір үшін маңызды сақтық шараларын сақтауға шақырды. Балалардың қауіпсіздігі – ересектердің қолында. Сақтық пен жауапкершілік танытыңыздар. Сақтандырылған азаматтар МӘМС бойынша ЭКО- ға сене ала ма
