15 қазан – Сүт безі қатерлі ісігіне қарсы күресудің дүниежүзілік күні
15 қазан – бүкіл әлемде Сүт безі қатерлі ісігіне қарсы күресудің дүниежүзілік күні атап өтіледі. Бұл күннің мақсаты – ауру туралы хабардарлықты арттыру, оның алдын алу шаралары мен ерте диагностиканың маңыздылығын еске салу. Сүт безі қатерлі ісігі – әйелдер арасындағы ең кең таралған онкологиялық ауру. Ол барлық қатерлі ісіктердің шамамен 15%-ын құрайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) деректері бойынша, жыл сайын әлемде шамамен 1 миллион жаңа жағдай тіркеледі, және статистика бойынша әр оныншы әйел осы ауруға шалдығады. Профилактика -Сүт бездерін үнемі өздігінен тексеріп отырыңыз. -40 жастан кейін жыл сайын маммография жасаудан өту ұсынылады. -Кез келген өзгерістер немесе күмән туындаған жағдайда дәрігерге жүгініңіз. -Ерте диагностика – өмірді сақтайды: ауру ерте сатысында анықталса, толық жазылу ықтималдығы 98%-ға дейін жетеді. Денсаулығыңызды қадағалаңыз, тексерулерден уақытылы өтіп тұрыңыз және сау болыңыз! Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберіндегі медициналық қызметтер тізбесі
