Жол қозғалысы ережесін сақтау – сіздің қауіпсіздігіңіздің кепілі
Светофор – бұл жолдағы сенімді көмекшіміз. Ол жаяу жүргіншілер мен жүргізушілерге қауіпсіз және дұрыс қозғалуға көмектеседі. Светофор шамдары нені білдіреді: -Қызыл шам – ТОҚТА! Қозғалысқа тыйым салынады. Қызыл шамда жолдан өту – өміріңізге қауіпті! - Сары шам – КҮТ Бұл – ескерту белгісі. Жақында қызыл немесе жасыл шам жанады. Қозғалысты бастауға болмайды. - Жасыл шам – ЖҮР Жолдан өтуге болады, бірақ алдымен көліктердің толық тоқтағанына көз жеткізіңіз. Жаяу жүргіншілерге арналған ережелер: -Жолды тек жасыл шам жанғанда кесіп өтіңіз. -Жаяу жүргіншілер өткелін пайдаланыңыз. -Жасыл шам жыпылықтағанда немесе сары жанғанда жүгіріп өтпеңіз. -Балаларды қолынан ұстаңыз . -Мектеп, балабақша, емхана маңында ерекше мұқият болыңыз. Жүргізушілерге арналған ережелер: -Светофордың белгісіне бағыныңыз . -Жаяу жүргіншілерге жол беріңіз . -Сары немесе қызыл шам жанғанда қиылыстан өтпеңіз . Жол қозғалысы ережесін сақтау – бұл тек міндет қана емес, сонымен қатар өз өміріңіз бен денсаулығыңызға де-ен қамқорлық. Жол бос көрінсе де, қауіпке бармаңыз . Ережені сақтамау ауыр жарақаттарға әкелуі мүмкін. Құрметті ата-аналар, балаларыңызға жол ережелерін түсіндіріңіз, жолда қауіпсіздік үлгісін өздеріңіз көрсетіңіз. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз! Қызметкерлер үшін М Ә МС-ға аударымдар мен жарналар ДамуМед АЖ көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы анықтама беру.
