ҚАУІПСІЗ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСҚА АРНАЛҒАН ҰСЫНЫСТАР
Күн шуақты әрі жылы ауа райы – жағымды эмоциялар ғана емес, сондай-ақ қызып кету, сусыздану, тамақтан улану, судағы жарақаттар мен жәндіктер шағуы сияқты қауіптер де болуы мүмкін. Жазда қандай сақтық шаралары ерекше маңызды? Жылу мен сусызданудан қорғаныңыз -Күннің ең ыстық уақыты (сағат 11:00 мен 16:00) аралығында далада ұзақ болудан аулақ болыңыз. -Ашық түсті, жеңіл киім киіп, бас киімды ұмытпаңыз. Су ішуді шөлдеуді күтпей бастаңыз. -Алкоголь мен тәтті газдалған сусындар дегидратацияны күшейтеді -олардан аулақ болыңыз. Күннен қорғану -Жоғары SPF деңгейі бар күннен қорғайтын кремдерді қолданыңыз, әсіресе жағажайда немесе таулы аймақта болғанда. -Күннен қорғайтын көзілдірік пен бас киім киіңіз. -Күннен күйіп қалу- тек терінің зақымдануы ғана емес, болашақта тері обырының қаупін арттыратын фактор екенін есте сақтаңыз. Суда қауіпсіздік шараларын сақтаңыз -Тек арнайы рұқсат етілген орындарда шомылыңыз. -Балаларды су жағасында қараусыз қалдырмаңыз. -Су мен алкогольді бірге қолдану - аса қауіпті. Тіпті тәжірибелі жүзушілер де қиын жағдайға тап болуы мүмкін. Тамақтану мен гигиена ережелерін сақтаңыз -Жазда тамақ тез бұзылады. Жаз мезгілінде тек жаңа дайындалған тағамдарды тұтынып, оларды дұрыс жағдайда сақтау аса маңызды. -Күмәнді жерлерде көшеде тамақтанудан аулақ болыңыз. Жолда немесе табиғатта жүргенде, тамақ ішер алдында міндетті түрде қолыңызды жуыңыз. Жәндіктердің шағуынан сақтаныңыз -Кенелер мен масалар көп болатын аумақтарда репелленттер қолданыңыз. -Табиғатқа шыққанда жабық киім киіп, серуеннен кейін денеңізді мұқият қарап шығыңыз. Белсенді демалыс пен жазғы күндер пайдалы әрі қауіпсіз болуы үшін қарапайым ережелерді есте ұстаңыз. Күн, ауа, су - сізге тек пайда әкеледі, егер сіз оларға ақылмен қарасаңыз. Өзіңізді қорғаңыз, денсаулығыңызды сақтаңыз және демалысты шынымен де пайдалы өткізіңіз! Қ орына жарналарды төлеуден кім босатылады және мемлекет кімге аударым жасайды
